Хикая Шаң басқан жаға – онлайн көру
Сипаттамасы
Али есімді бозбала жалғызбасты анасына көмектесу үшін наубайханада еңбек етуге мәжбүр. Ол кедей ауданда тұрады. Деседе бозбаланың жанына жақын адал достары бар. Солардың бірі — Фифа есімді бозбала. Ол беделді мектепке ауысып, аудан мақтанышына айналған. Бірақ қайғылы оқиға орын алып, Фифа думанды кеште өзіне қол салады. Али досының мұндай қадамға барғанына сенбейді. Ол Фифа қылмыскердің құрбаны болды деп санайды. Себебі оның қолына «Фифаны өлтірді» деп жазылған хат түседі. Али достарымен бірге байлардың балалары оқитын аталмыш мектепке ауысып, досының өліміне кінәлі адамды анықтауға кіріседі. «Шаң басқан жаға» сериалын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер