Фильм Кенже – онлайн көру
Сипаттамасы
Ағайынды екі жігіт кішкентай кездерінде ата-анасынан айырылып, жетім қалады. Көп ұзамай қос бауыр балалар үйінен қашып кетіп, қалаға келеді. Жаңа өмір бастаймыз деп үміттенгенімен, қала оларды қылмыстық жолға итермелейді. Үлкені ақылды, есепке жүйрік, барлық істі көлеңкеде отырып басқаратын адамға айналады. Ал кішісі Кенже тапсырыс бойынша кісі өлтіретін жендетке айналады. Ол ештеңе сұрамайды. Не бұйырса, соны орындайды. Уақыт өте келе олар қылмыс әлемінде беделге ие болады. Бір күні Кенже маңызды тапсырманы орындай алмай қалады. Сол қателіктің кесірінен ұйымдасқан топтың жағдайы шайқалады. Өз беделін сақтағысы келген үлкен ағасы Кенженің көзін жоюға бұйрық береді. Енді бауырлар бір-біріне жау атанады. Кенже сатқындықты сезіп, қашуға бел буады. Ол бауырын кешіре ме әлде кек жолына түсе ме? «Кенже» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.