2018
1 сағ 37 мин
6+
Миа ата-анасының қарсылығана қарамастан ақ арыстанмен дос болады. Адам мен жануар арасында ерекше достық жайлы отбасылық фильм
Фильм Миа және ақ арыстан – онлайн көру
Сипаттамасы
Оуендер отбасы Лондонда өмір сүріп жатқан жерінен Оңтүстік Африкаға көшеді. Олар енді арыстандар өсіретін ферма басқарады. Он жасар Миа жаңа ортаға үйрене алмай, отбасынан алыстай бастайды. Дегенмен сирек кездесетін ақ арыстанның күшігі Чарлимен танысқаннан кейін Миа өзгере бастайды. Екеуінің арасында ерекше байланыс қалыптасып, шынайы достық пайда болады. Уақыт өтіп, Чарли ересек арыстанға айналады. Мианың ата-анасы арыстанның енді қауіпті екенін айтып, онымен дос болуға қарсы болып, оны сатып жібергісі келеді. Ферма аңшылық туризммен айналысатыны белгілі болған соң Миа арыстанды бостандыққа жіберуге шешеді.. Жас қыз арыстанды құтқару үшін қауіпті және ұзақ сапарға аттанады. Бұл сапар барысында Миа өзіне деген сенімін нығайтып, табиғатты қорғау мен достықтың шынайы маңызын түсінеді. «Миа және ақ арыстан» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жанрлар
Жасыру