Фильм Мінсіз қылмыс – онлайн көру
Сипаттамасы
Фильмде 1980 жылдары Аргентинада әскери диктатура заманында орын алған оқиғалар туралы баяндалады. Бай әрі беделді отбасының мұрагері үшті-күйлі жоқ болып кетеді. Істің мән-жайын анықтауға екі жас тергеуші кіріседі. Алайда ер адамның жоғалу себептеріне үңілген сайын, бойларын үрей билей бастайды. Істі тергеу барысында адам ұрлау қылмысының артында бұдан да сұмдық қылмыс жатқанын аңғарады. Ақиқатқа жету үшін өмірлерін де қатерге тігуге мәжбүр болады. «Мінсіз қылмыс» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.