Фильм Қажымұқан – онлайн көру
Сипаттамасы
Ауылда туған қарапайым бала жастайынан ерекше күшімен көзге түседі. Әке аманатын орындау үшін Қажымұқан туған жерін тастап, алғаш рет күрес алаңына шығады. Кедей қазақ жігітінен ешкім үміт күтпесе де, дәл сол жерде оның даңқты жолы басталады. Өзінен күштілермен айқасып, жаңа күрес тәсілдерін меңгереді. Қайсарлығы мен рухының арқасында әлемнің мықты балуандарын жеңіп, ел мақтанышына айналады. Қажымұқанның өмірінде қуанышпен қатар ауыр сынақтар да көп болады. Ол сұрапыл соғысты, бүлік пен опасыздықты бастан кешеді. Деседе мойымай, нағыз күш тек бұлшықетте емес, рухта екенін дәлелдейді. «Қажымұқан» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.