2024
1 сағ 41 мин
18+
ФБР қызметкері атанған жас әйел қандықол қанішердің ізіне түседі. Николас Кейдж түскен әсерлі триллер
Фильм Собиратель душ – онлайн көру
Сипаттамасы
ФБР қызметкері Ли Харкер өте қорқынышты істі тергеуге мәжбүр. Ер адамдар асқан қатыгездікпен өз отбасын қырып салған. Әр қылмыс орнында қанішер жұмбақ хат қалдырады. Бірақ бұл адам кім? Ол қалайша ер адамдарды осындай сұмдыққа итермелейтінін ешкім білмейді. Ли жай ғана қызметкер емес, оның ішкі түйсігі ерекше. Тергеу барысында ол бір заңдылықты байқағандай болады. Мерт болған әр отбасыда туған күні 14-і болатын 9 жасар қыз болған. Қылмыстар да сол күнге жақын арада жасалған. Мұның артында бір тылсым күш тұрғандай. Ең сорақысы, Лидің анасы мен жан алғыш арасында құпия байланыс бар. Бала кезінде Ли өзі де ажал құша жаздаған. «Жан алғыш» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жанрлар
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 41 мин
Жасыру