Хикая Бауырлар – онлайн көру
Сипаттамасы
Олег пен Леша ағайынды болса да, мінездері бір-бірлеріне мүлдем ұқсамайды. Олег полиция қызметкері. Өз жұмысының қыр-сырын әбден меңгерген ер адам інісінің әрекетіне шамданады, әрі оның өміріне қызыға да қызғана қарайды. Жеңілтек Леша көптің көзайымына айналып үлгерген. Ол полиция рөлімен танымал болған актер. Ағайынды жігіттер бір-бірімен тіл табыса алмай, үнемі араздасып жүреді. Олег актерлік кәсіп ер азаматқа тән емес деп санайды. Әрі кинодағы полицияның өмірі шын өмірден мүлдем алшақ екенін бетіне басып, үнемі мысқылдаумен жүреді. Ал Леша фильмде полиция рөлін сомдап, Олегтың бүкіл әс-әрекетін экранда қайталаумен оның зығырданын қайнатады. Бір күні Леша полицейдің қызметін өз көзімен көріп, ұғыну үшін полиция бөлімінде тағылымдамадан өтуге бел буады. Осы кезде ағайынды жігіттерге иық тіресе бірлесе тергеу амалдарына кірісуге тура келеді. «Бауырлар» комедиялық телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.