Фильм Абай – онлайн көру
Сипаттамасы
Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаев жастайынан білімге ұмтылып, әлеуметтік әділетсіздікке қарсы тұрды. Медреседе оқып, еліне оралған соң, Абай әкесі Құнанбайдың жауыздығын, оған елдің көңілі толмайтынын көреді. Әкесінің ел билегенін сырттай бақылап, көп ой түйеді. Әсіресе Қодар мен Қамқаны жазалау сәті жас Абайға қатты әсер етеді. Фильмде Абайдың Тоғжанмен кездескені, медреседе білім алуы мен ел басқару ісіне араласуы баяндалады. Ол өлеңдері арқылы білімге, еңбекке және рухани дамуға үндейді. Абайдың өмірлік күресі мен рухани ізденістері оны қазақ халқының ұлы ойшылына айналдырады. Ақынның 150 жылдығына арналған «Абай» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.