Фильм Айка – онлайн көру
Сипаттамасы
Фильм қорғансыз жан мен қанаушы таптың арасындағы арпалысы, әйелді бірде әрі, бірде бері итеріп, әбден сілкілеген өмір туралы. Адамдық қасиеттен алыстаған, тасбауыр, шарасыздың шырылын естігісі келмейтін бүгінгі қоғам бейнесі. Бұл — бұрын өтіп кеткен жағдай емес, біздің заман, бүгінгі өмір. Сырттай салтанатты, сәнді қаланың сыры, сондағы тірі жанның жанталасы. Фильмде бір ұлттың емес, адамзаттың арпалысы бар. «Айка» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.