Фильм Анаға апарар жол – онлайн көру
Сипаттамасы
Фильм қазақ халқының дүрбелең кезеңдерін, атап айтқанда ашаршылық, соғыс және қуғын-сүргін жылдарын басынан өткерген Ілияс есімді баланың өмірін суреттейді. Ілияс әкеден ерте айырылады, оны ағайындары шетелге алып кетеді. Бірнеше жыл өткен соң Ілияс елге қайта оралады, алайда тағдырдың тәлкегімен балалар үйіне түседі. Уақыт өте Ілияс ер жетіп, Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда майданға аттанады. Ол жаумен күресіп, елі мен жерін қорғау жолында үлкен ерлік көрсетеді. Ал анасы Мариям ештеңеге қарамастан баласының жолын тосады. Өмірдің ауыр сынақтарына төтеп беріп, ананың бейнесін жүрегінде сақтаған Ілиястың тағдыры туралы жүрек тебірентерлік «Анаға апарар жол» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.