Арамызда ғарыш_bg
badge
logo
Жас қыз өзге ғаламшарлық жігітке ғашық болады. Ол сүйіктісі үшін қауіпті сапарға дайын. Ғылыми-фантастикалық драма
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Арамызда ғарыш – онлайн көру

Сипаттамасы

Ғалымдар тобы Марсты зерттеп, өмір сүре алатын мекенге айналдыру үшін қызыл ғаламшарға аттанады. Топ мүшесінің бірі жүкті келіншек. Көп ұзамай ол босанып, ұл туады. Алайда өзі бақилық болады. Дүниеге Гарднер атты бала келеді. Ол өте ақылды әрі зерек болып өседі. Бірақ ол ешқашан Жерді көрмеген және әкесі кім екенін білмейді. 16 жасқа келгенде Гарднер Талса есімді қызбен интернет арқылы танысады. Олар достасып, бір-біріне ғашық болады. Көп ұзамай жігітке Жер планетасына ұшу мүмкіндігі беріледі. Ол алғаш рет көк аспанды, мұхит пен адамдарды көріп, таңғажайып күй кешеді. Бірақ оның ағзасы жер бетіндегі тартылыс күшіне бейімделмеген. Сол себепті денсаулығы нашарлай бастайды. Соған қарамастан Гарднер қызбен қауышып, әкесін іздеп табу үшін зертханадан қашып кетеді. Осылайша жігіт сүйіктісімен бірге түрлі оқиғаларды бастан кешіреді. «Арамызда ғарыш» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 56 мин
Түпнұсқа атауы
The Space Between Us
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады