Фильм Байлықсыз бақытты болу – онлайн көру
Сипаттамасы
Балаларың ерке, жатыпішер, байлықтың құнын білмесе не істемек керек? Бұл сұрақ бизнесмен, жалғызбасты әке Фрэнсисті де мазалайды. Қызы Стелла ерке, бренд киімдерін жақсы көреді және күмәнді жігітпен тұрмыс құруға дайындалып жатыр. Ұлы Филипп абсурд бизнес-идеялар айтады, ал кенжесі Александр өз жолын таппаған. Балаларының болашағын ойлаған әке өзін банкрот деп жариялап, балаларын алып, шалғай ауылға қашып кетеді. Ауылда күн көру үшін балалары жұмыс істеуге мәжбүр. Дайын асқа тікқасық болуға үйреніп қалған балалар үшін жауапкершілік алу қиынға соғады. Фильм барысында балаларға әкесінің ақшасынын гөрі, басқа нәрсе қажет болғаны анықталады. «Байлықсыз бақытты болу» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.