2016
1 сағ 45 мин
18+
ФБР агенті террорлық шабуылды алдын алу үшін неонацистік топқа тыңшы болып барады. Бас рөлді Дэниел Рэдклифф сомдаған қылмыстық драма
Фильм Билікке құштарлық – онлайн көру
Сипаттамасы
Терроризмге қарсы күреске маманданған жас идеалист, ФБР агенті Нейт Фостерге ерекше тапсырма беріледі. Ол ауқымды шабуылды жоспарлады деген күдікке ілінген қауіпті неонацистер тобына ену үшін жасырын жұмысқа алынады. Бастапқыда топқа сіңісе алмаған Нейт бірте-бірте ұйымның негізгі мүшелерінің сеніміне кіреді, олардың терракт жасау туралы жоспарын біліп, құпияларды ашады. Уақыт өте келе Нейт өзінің сенімі мен ұстанымдарына күмән келтіреді. Себебі топта қарапайым халықтан бөлек, билік өкілдері мен бай адамдар да мүше екені анықталады. Енді Нейт кімге сенерін білмейді. Шынайы оқиғаға негізделген «Билікке құштарлық» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.