Фильм Біржан сал – онлайн көру
Сипаттамасы
Ақын-сазгер Біржан салдың жүрген жері той мен мерекеге ұласады. Сал-серілердің келе жатқанын көрген ауыл адамдары оларды аяғын жерге тигізбей күтіп алады. Сондай күндердің бірінде Біржан Көлбайдың ауылына қонақ болады. Домбырасын тартып, өлең айтып, жұртттың көңілін аулайды. Ал Біржанның көңілін сұлу да, көркем Ләйлім жаулайды. Ақынды ұнатпай жүрген көрші ауылдың болысы Азнабай да Ләйлімді жар еткісі келеді. Ләйлім-Шырақ әнінің шығу тарихы мен сазгердің соңғы өмір белестерін баяндайтын «Біржан сал» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.