Бұрынғы жігіт_bg
badge
logo
Қайынатасының компаниясына жұмысқа тұрған Том әйелінің бұрынғы сүйіктісімен жұмыс істеуге мәжбүр болады. Жігіттер арасында бәсеке басталады
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Бұрынғы жігіт – онлайн көру

Сипаттамасы

Том мен София бір-бірі үшін жаратылғандай. Том еріншектеу, жұмысында биік мансапқа ұмтылмайтын енжар, ал София нағыз еңбекқор, үнемі жұмыс істеуге ұмтылады. Екеуі үшін бұл ең мінсіз қарым-қатынас еді. Алайда, бала туып, жағдай күрт өзгеріп кетеді. Енді жас ана үйде отырып, балаға қамқор болып, Том отбасын асырау үшін көбірек жұмыс істеу керек. Том амалсыздан қайынатасының компаниясына жұмысқа тұрады. Ол компанияда Софияның бұрынғы ғашығы, әріптестер арасында зор құрметке ие Чиптің жұмыс істеуі жығылғанға жұдырық болғандай. Енді Том көп ақша табумен қатар Софияны жоғалтып алмауы керек. Жігіттер арасында нағыз шайқас басталады. Отбасы, сенім мен махаббат жайлы «Бұрынғы жігіт» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 28 мин
Түпнұсқа атауы
Fast Track
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады