Фильм Че: Екінші бөлім – онлайн көру
Сипаттамасы
Куба революциясынан кейін Че Гевара халық арасында атақ пен абыройға ие болады. Артынша ізін жасырып, тұғырдан жоқ болып кетеді. Дегенмен жас революционер үшін күрес аяқталған жоқ. Жаңа майдан Боливия жерінде жалғасады. Че Гевара бейтаныс ортада бұрынғы атағы мен халықтың қолдауынан алыс қалды. Халық та төңкерісшілерге көмектесуге құлықсыз, тіпті олардың қатарына қосылғысы келмейді. Көтерісшілердің ресурстары таусылып, Боливия үкіметі мен барлау қызметтінің шабуылына төтеп беруі қажет. Романтикалық революцияның символына айналған, XX ғасырдың танымал тұлғасы жайлы режиссер Стивен Содербергтің «Че: Екінші бөлім» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.