Фильм Дос-Мұқасан – онлайн көру
Сипаттамасы
1967 жылы құрылыс отрядтарында ән айтумен бастаған Қазақ политехникалық институының студентері кейіннен бүкіл Кеңес Одағын өзіне қаратқан әйгілі «Дос-Мұқасан» тобына айналады. Құрамы өзгергенмен жүрегі өзгермеген аты аңызға айналған музыкалық ансамбльдың толық тарихы фильмде көрсетілген. Топтың құрамындағы жігіттердің қарым-қатынасы, оқу мен өнер арасындағы арпалыстары, өмірлік қиындықтары мен күрестері және сол кездегі еліміздің бейнесі көрініс тапқан тарихи музыкалық драма. «Дос-Мұқасан» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.