Фильм Джульетта – онлайн көру
Сипаттамасы
Фильм Джульеттаның серігі Лоренцомен бірге Мадридтен Португалияға көшуінен басталады. Жолда қызы Антианың ескі досы Беаны кездейсоқ көріп қалады. Джульетта қызының тірі екенін, қазір шетелде тұрып жатқанын естіп, естеліктерге беріледі. Себебі ол қызын соңғы 12 жыл көрмеген. Джульетта бәрін тастап, Мадридте үй жалдайды. Жастық шағын, қызының әкесімен махаббатын, сатқындықты еске алып, Антияға ішіндегісін ақтарып хат жазады. Ананың махаббатын көрмеген Антия анасын кешіре ала ма? Махаббат, қайғы және ана мен қызының арасындағы үзілмейтін байланыс жайлы «Джульетта» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.