Фильм Ессіз жаңа жыл – онлайн көру
Сипаттамасы
Кира мен Хуан есімді ерлі-зайыптылар кең сарайдай керемет жекежайда шалқып өмір сүруде. Деседе олардың арасында келіспеушіліктер жиілеп кеткен. Кира күйеуінің досымен кездесіп, жарының көзіне шөп салуда. Қас қылғандай дәл Рождество қарсаңында ерлі-зайыптылардың үйіне ұры түседі. Осылайша үйден ұрлана шығып бара жатқан келіншектің нақсүйерімен бетпе бет соқтығысады. Ұры оны бопсалап, өзінің серіктесі етеді. Осылайша екеуі үйді тінтуге кіріседі. Бөлмелердің бірінде Кира мен Хуанның Алисия есімді қызына кезігеді. Бүлдіршін ұрыны Аяз ата деп ойлап, тілектің түр түрін шұбырта бастайды. «Ессіз Жаңа жыл» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.