Хикая Ева – онлайн көру
Сипаттамасы
Ева есімді келіншек би өнерінің майталманы. Өзгелерге өнерін үйретіп, бидің қыр-сырын меңгеруге көмектеседі. Бұл оның кәсібі. Алайда Ева жұмысқа беріліп кеткені соншалықты тіпті отбасын құру туралы ойына да кіріп-шықпайды. Жеке өмірі мүлде ұмыт болған. Оның үстіне отбасылы әріптестері үнемі келіншекке олардың орнына жұмысқа шығып беруге өтінеді. Ева өтініштерін екі етпейді. Бір күні ол бұрынғы ғашығы балалы болғанын естіп, қатты есеңгірейді. Жүрегі шымдап, қамығады. Сол сәтте келіншек жалғыздық жанына бататынын түсінеді. Енді оның бар ойы тезірек ана атанып, дүниеге бала әкелу. Алайда баланы кімнен туарын білмейді. Ева аласұра жігіт іздей бастайды. Осы тұста көптеген қызықты оқиғаларға тап болады. «Ева» сериалын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.