2020
1 сағ 49 мин
18+
Фатималық үш бала Мәриям ананы көрдік деп елді дүрліктіреді. Бірақ шіркеу үшін бұл сенім емес, тергеуді қажет ететін құбылысқа айналады
Фильм Фатимадағы ғажайып – онлайн көру
Сипаттамасы
1917 жылы Португалияның кішігірім Фатима ауылында үш балаға Мәриәм ана көрінді деген сыбыс тарайды. Лусия және бауырлары көргенін отбасына, ауыл тұрғындарына және діни басшыларға айтқанда, оларға ешкім сенбейді. Лусияның анасы тіпті оны өтірікші деп жазғырады. Ал жергілікті әкім, үкімет пен шіркеу өкілдері балалар халықты адастырады деп қауіптенеді. Олар балаларды тергеп, қамауға алып, қорқытып, бәрін жоққа шығаруға тырысады. Ал Мәриәм балаларға бейбітшіліктің құпиясы, тозақ пен шіркеуге төніп тұрған қауіп жайлы аян береді. Фильм Бірінші Дүниежүзілік соғысы кезеңін сипатайды. Діни сенім, балалар және бейбітшілікке деген үміт жайлы «Фатимадағы ғажайып» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жасыру