Фильм Форсаж. Қытай дрифті – онлайн көру
Сипаттамасы
«Арыстандар» жарыс тобының майталманы Шен есімді жігіттің қазасынан кейін топ көрсеткіші төмендеп кеткен еді. Ал топта небәрі екі-ақ қатысушы бар. Бірақ олардың бастары бір қазанға сыймай, үнемі керісіп жүреді. Себебі жарысқа қатысушылардың бірі Лили Лу есімді бойжеткен. Ал Ли И Фей есімді азамат алдына ешкімді салмаған қырағы қатысушы. Жарыс тарихында бұрын-соңды әйел қатысушы болмаған. Сондықтан ол Лилиді менсінбейді. Екеуінің жанжалдары топқа кесірін тигізіп, үнемі ұтылып қалып жүр. Амалы таусылған топ жетекшісі жарыс көлігін ешқашан тізгіндеп көрмеген босбелбеу жігітке ұсыныс тастайды. Жігіт тек копьютерлік ойындардың шебері, қолынан басқа ештеңе келмейді. Бірақ жүрегіндегі Лилиге деген ыстық сезім оны қаһармандыққа итермелейді. Ақыры жарысқа қатысуға келісімін береді. «Форсаж. Қытай дрифті» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.