Гилберт Грейпті не мазалайды?_bg
badge
logo
Анасы мен бауырларын асырап жүрген жас жігіттің еркіндікке ұмтылуы жайлы фильм. Джонни Депп пен Леонардо Ди Каприоның ғажап тандемі
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Гилберт Грейпті не мазалайды? – онлайн көру

Сипаттамасы

Шағын, тұйық қалашықта жесір қалған анасы, екі қарындасы және ерекше інісін бағып жатқан Гилберт Грейппен таныс болыңыздар. Әкесінен айырылғаннан кейін отағасына айналып, жауапкершілік арқалауға мәжбүр. Біркелкі күйбең тіршілік бозбаланың жанын жегідей жеп, өмірін сүреңсіз етеді. Осындай іш пыстырарлық қалаға бір күні Бекки есімді еркін мінезді, ашық-жарқын бойжеткен келеді. Бойжеткен Гилберттің өмірге деген көзқарасын өзгертіп, бұл қаладан кетуге жігерлендіреді. Бозбала не отбасын таңдап, не арманының жетегінде кетуі керек. Гилберт жүрегін тыңдайды ма? Отбасы, борыш, тұлғалық еркіндік пен ішкі қиналыс туралы «Гилберт Грейпті не мазалайды?» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 53 мин
Түпнұсқа атауы
What's Eating Gilbert Grape
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады