2007
1 сағ 56 мин
18+
Екі ағайынды ата-анасының бағалы бұйым сататын дүкеніне ұрлыққа түседі. Филип Хоффман мен Итан Хоуктың жарасымды дуэті
Фильм Ібілістер ойыны – онлайн көру
Сипаттамасы
Ағайынды Энди мен Хэнктің өмірі қиындыққа толы. Эндиге жұмысындағы алаяқтықты жасыру үшін қомақты қаржы керек, ал Хэнк алимент пен қарыздарын жаба алмай жүр. Сөйтіп Энди ақша табудың жолын ойластыра бастайды да, «мінсіз» жоспар ойлап табады. Жоспар бойынша ағайындылар ата-анасының зергерлік дүкенін тонайды. Жоспардың мінсіздігі мынада: дүкеннің сақтандыруы бар, ал ата-анасы шығынға ұшырамайды. Алайда тонау барысында жоспар кенет өзгеріп, ағайындылардың анасы оққа ұшырап, қайтыс болады. Хаос басталады. Ағайындылардың әкесі қылмыскерлерді тапқысы келеді. Ашкөздік жайлы «Ібілістер ойыны» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жасыру