Индиана Джонс: жоғалған кемені іздеу_bg
logo
Индиана Джонс нацистерден бұрын құдыретті күшке ие киелі кемені іздеуге шығады. Бас рөлді Харрисон Форд сомдаған шытырман оқиға
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Индиана Джонс: жоғалған кемені іздеу – онлайн көру

Сипаттамасы

Режиссер Стивен Спилберг ұсынған шытырман оқиға жанрының классикасына айналған бұл фильмде Харрисон Форд аты аңызға айналған археолог Индиана Джонс рөлінде алғаш көрермен назарына ұсынылады. 1936 жыл. Индиана университетте сабақ беретін қарапайым оқытушы. Алайда оның бар қалауы ежелгі қазыналар мен жұмбақ артефактілерді зерттеу. Сондай күндердің бірінде АҚШ үкіметі Киелі кемені табу тапсырмасын береді. Аңыз бойынша, бұл жәдігер орасан зор күшке ие, ал арам пиғылды адамның қолына түссе адамзат тарихын өзгертуі мүмкін. Жәдігерді іздеп Индианадан басқа, Гитлердің агенттері де шығады. «Индиана Джонс: жоғалған кемені іздеу» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 51 мин
Түпнұсқа атауы
Raiders of the Lost Ark
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады