Фильм Off-line демалыс 2 – онлайн көру
Сипаттамасы
Ауыл өмірі мен салт-дәстүрді дәріптейтін балалар лагерін Қайрат, Дастан мен Болат есімді үш дос ашқан сәтте бірталай қызық оқиғаларды балалармен бірге өткеріп үлгерген еді. Бірақ жұмыстың нағыз қызған шағында Қайрат үлкен холдингте басшылық қызметке ауысатынын мәлімдейді. Енді лагерьге Болат пен Дастан иелік етеді. Алайда екеуі де жауапкершіліктен жұрдай. Ол аздай, үнемі араздасып қалады. Салдарынан лагерьдегі балалар екі топқа бөлініп, ара-жіктері ажырай бастайды. Дәл осы тұста лагерьге есерсоқ тентек балалардың жаңа легі келе бастайды. Сондай-ақ, керемет тосын сый болып, сұлу жүзді медбике бикеш де келеді. Болат пен Дастан бірден қызды ұнатып, араларындағы қырқыс өрши түседі. «Оffline демалыс 2» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.