2017
1 сағ 22 мин
18+
Белгісіз вирус бір сәтте адамдарды есінен айырып, нәпсілерін тыя алмай қалатын халге душар етті. Үрей мен күлкі аралас фильм
Фильм Кеңседегі тәжірибе 2 – онлайн көру
Сипаттамасы
Дерек есімді жігіт жұмысын адал атқарып жүрген жандардың бірі. Алайда бастығы оны аяқтан шалып, әп сәтте жұмыссыз қалды. Дәл осы мезетте ауада белгісіз вирус тарап, жұртты есінен тандыра бастады. Нәпсінің жетегінде кеткен жұрт түрлі сұмдық әрекеттерге бой ұрып, өздерін тоқтата алмауда. Бүкіл ғимарат сегіз сағаттық карантинге алынды. Осы кезде жігіт орын алған жайт таптырмас мүмкіндік екенін аңғарады. Бастығына кектенген Дерек енді не істемек ойда? Ал көздері қанталаған жұрттың ендігі әрекеті не? «Кеңседегі тәжірибе 2» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жанрлар
Жасыру