Хикая Кітапханашы – онлайн көру
Сипаттамасы
Мәскеуде актер болуды армандаған Алексейдің өмірі бір-ақ сәтте күрт өзгереді. Әкесі жұмбақ жағдайда қайтыс болғаннан кейін ауылына оралып, мұраға қалған ескі ауылдық кітапхананың иесі атанады. Алғашында кітапханадағы тыныш өмір сәтсіз актерліктен кейін демалыстай көрінеді. Кейін жазушы Громовтың сиқырға толы кітаптары жайлы білгенде қызық жайттар бола бастайды. Жазушының кітаптарын мұқият оқыған адамға — Күш, Ашу, Керемет жад, Сабыр, Билік, Қуаныш және Әлемнің сыры сынды күш дариды. Кітаптар әртүрлі адамның қолында, бірақ барлық кітапқа ие болғысы келетіндер бар. Ауылда кітап үшін нағыз соғыс басталған. Бас рөлді Никита Ефремов сомдаған «Кітапханашы» сериалын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.