Көрші шпион_bg
badge
logo
Суперагент көршісінің жүрегін жаулау үшін үш баласына қарай тұруға келіседі. Алайда әлемді құтқарған әлдеқайда оңай екенін кеш түсінді
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Көрші шпион – онлайн көру

Сипаттамасы

Американың кішігірім қаласында тұратын Боб ешкімнен ерекшеленбейтін қарапайым адам, ал оның әлемдегі ең кәсіби суперагент екенін ешкім білмейді. Ол өмірін артқа тастап, зейнетке шығып, сүйіктісі Джиллианмен бақытты ғұмыр кешкісі келеді. Алайда Джиллианның үш баласы Бобты құшақ жая сала қарсы алмайды. Бір күні Джиллиан шұғыл сапарға кетіп, Боб бала күтушісіне айналады. Бала бағуға дайын болмаған агент үшін бұл нағыз орындалмас миссияға іспеттес. Оның үстіне Бобтың жұмысына қатысты құпия файлдарды балалардың бірі интернетке абайсызда жүктегені жағдайды одан сайын ушықтырады. Енді отбасының соңына орыс мафиясы түседі. Бала күтуші рөлін Джеки Чан сомдаған «Көрші шпион» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 31 мин
Түпнұсқа атауы
The Spy Next Door
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады