Фильм Көксерек – онлайн көру
Сипаттамасы
Ауыл баласы Құрмаш даладан бөлтірік тауып алып, оны «Көксерек» деп атайды. Бала оны досындай баптап, бауыр басады. Бірақ қанша асыраса да Көксеректің жабайы болмысы жеңіп кетіп, даланы аңсайды. Мұны көрген нағашысы Көксеректен құтылғысы келеді. Бір күні нағашысы ұрлап әкелген қойға басқа қасқыр шауып, Көксерек те соларға қосылып, Құрмаштан кетіп қалады. Араға біраз уақыт салып бала мен қасқыр қайта жолығады. Адам мен аңның арасындағы бұл күрес қайғылы қақтығыспен аяқталып, адам баласы жабайы әлемнің ырқына бағыну керек екенін көрсетеді. «Көксерек» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.