Фильм Күйдіргі Каха – онлайн көру
Сипаттамасы
Каха мен Серго бала кезден ажырамас дос. Алайда екі дос бозбала шақтан баяғыда өтіп, жігіт ағасы атанса да өмірге дағдыланбаған. Тұрақты жұмыстары да, табыс көздері де жоқ. Серго Милена есімді соқыр қызға ғашық. Бірақ қалтасы жұқа екендігін қыздан жасырып, өзін бай етіп көрсетеді. Ал Каха кербез бірбеткей Софа есімді қызға ғашық болып, адам нанғысыз әрекетке барады. Махаббат сезімі екі досты түрлі оқиғаларға тап етіп, қисынсыз әрекеттерге итермелей бастайды. Тіпті достықтарына да сызат түсіреді. Каха досының көлігін қиратып, өзінің ескі көлігінің тізгініне отыруына тура келеді. Софа үшін қаудырлаған ескі көлігімен тіпті жарысқа да қатыспақ ниетте. Бірақ ол үшін қомақты қаржы керек. Қызықтың көкесі енді басталмақ. «Күйдіргі Каха» комедиялық фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.