Күйеу бала_bg
badge
logo
Жас қыз әкесінің досына ғашық болады. Әкесі мұны білгенде екеуін ажырату үшін барын салады. Дмитрий Нагиев түскен романтикалық комедия
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Күйеу бала – онлайн көру

Сипаттамасы

Олег есімді ер адам үлгілі отбасын құрып, бүгінде қадірлі азаматқа айналған. Әйелі және Алена есімді қызымен бірге тату-тәтті өмір сүруде. Бірақ оқыс жағдай отбасы шырқын бұзады. Алена үйіне жігітімен келіп, ата-анасымен таныстырмақшы болады. Күйеу жігітті көргенде Олегтің өңі бірден бозарып кетеді. Себебі қызының сүйіктісі оның ескі досы Антон болып шығады. Бұл адаммен Олегті жастық шағындағы талай қызықты әрі оқыс оқиғалар байланыстырады. Кезінде екеуі бірге түнгі сауық-сайрандарда көңіл көтерген. Араларында ешкімге тіс жармаған құпиялары бар. Олегтің алдында үлкен сынақ тұр. Бір жағынан, ол қызын күмәнді күйеу жігіттен қорғағысы келеді. Екінші жағынан, Антон оның өткен өмірін жақсы біледі, ал әрбір ұрыс-керіс сол құпиялардың ашылып қалуына себеп болуы мүмкін. Үйде күлкілі әрі ыңғайсыз жағдайлар туындайды. «Күйеу бала» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 20 мин
Түпнұсқа атауы
Зять
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады