2022
1 сағ 37 мин
18+
Әлемдегі ең жылдам көлікті жасаушы Ферручо Ламборгини мен Энцо Ферраридің бәсекесі жайлы биографиялық фильм
Фильм Ламборгини. Аңыз адам – онлайн көру
Сипаттамасы
Фильмде әйгілі автокөлік брендінің негізін қалаушы Ферруччо Ламборгинидің өмірі мен оның табысқа жету жолы баяндалады. Ферруччо ауылдан шыққан қарапайым бала. Ол тракторлар өндірісінде табысқа жетіп, кейіннен спорт автокөлік әлеміне бет бұрады. Ферруччоның арманы — Феррариден асып түсетін ерекше жылдам әрі сәнді автокөлік жасау. Жеке өміріндегі қиындықтар мен кәсіби жетістіктері арқылы шындалады. Ферруччоның қарсыластары мен сыншылары оның шешімдеріне күмәнмен қараса да, ол өз идеясынан бас тартпай, аңызға айналған Lamborghini брендін жасайды. Табандылық пен мақсатқа жету жайлы «Ламборгини. Аңыз адам» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.