Фильм Малай: сипаты, сюжеті және қаһармандар
Сипаттамасы
Ерке өскен Чина өмірді ойыншық деп ойлайды. Ақшаға үйренген жігітке ештеңе шектеу болмай қалған. Бірақ әкесінің шыдамы таусылған. Баласын жөнге салу үшін ол ерекше амал ойлап табады. Бір күні Чина ауылда оянады. Уақыт кері жылжығандай: киіз үй, қамшы, төрелер мен құлдар. Ал өзі — құқы жоқ малай. Енді ол өмірдің басқа бетіне тап болады. Еңбек етіп, төменде жүрудің не екенін сезінеді. Ал төренің қызына деген сезім — алғаш рет нағыз адам болуға итермелеуі мүмкін.