Фильм Мен, тағы мен және анам – онлайн көру
Сипаттамасы
Гийом есімді жігіт анасы десе ішкен асын жерге қоюға дайын. Тіпті соңынан жердің түбіне де кетуге бар. Бір қарағанда анаға деген махаббат қалыпты нәрсе. Алайда жігіттің анасына деген ілтипаты тіпті шексіз. Құдды бір кішкентай баланың қылығындай. Ал анасы болса қатал, бірбеткей әрі өктем әйел. Айналасында зыр жүгірген ұлы оның сөйлеу мәнерін, киім киісі мен жүрген жүрісіне дейін көшіріп алған. Дәл анасындай өзін ұстап, қызықты қылықтарымен жұртты күлкіге үнемі қарық қылып жүреді. «Мен, тағы мен және анам» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.