Менің атым Қозы_bg
logo
Компьютер ойындарына тәуелді болған баланы әкесі ауылға ата-әжесіне жөнелтеді. Мұнда ол шынайы өмірдің мәнін түсініп, жаңа дос табады
playТегін көру

Хикая Менің атым Қозы – онлайн көру

Сипаттамасы

Қозы есімді қалада тұратын бала бар уақытын компьютер ойындарын ойнаумен өткізеді. Оның достары жоқ, далаға шықпайды. Бүкіл уақыты телефон мен ойын ішінде өтеді. Әкесі баласының шынайы өмірден алшақтап бара жатқанына қатты алаңдайды. Сол себепті баланы жаз мезгілінде ауылға, ата-әжесінің үйіне жіберуге шешім қабылдайды. Мұны естігенде Қозы қатты қамығады. Себебі ауылда интернет пен компьютер жоқ, ал телефон байланысы нашар. Тек табиғат, жан-жануарлар мен тыныш өмір ғана бар. Алғашқы күндері Қозы ауыл өміріне үйрене алмайды. Ол зеріге бастайды. Ал даладағы дыбыстардан шошиды. Бірақ бір күні ол көрші тұратын қызбен танысады. Сол сәттен бастап бәрі өзгереді. Қыз оған ауыл өмірінің қызығын көрсетеді. Олар бірге далада жүгіріп ойнайды. Өзенге шомылып, үлкендерге көмектеседі. Қозы біртіндеп өзгеріп, компьютер мен телефонсыз да өмірдің қызықты әрі мәнді екенін түсіне бастайды. Ол достықтың не екенін, адамдармен шынайы қарым-қатынастың маңызын ұғынады. «Менің атым Қозы» мультсериалын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Маусымдар
1 маусым
Ұзақтығы
8 мин
Түпнұсқа атауы
Менің атым Қозы
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма хикая?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады

Маусымдар және сериялар

Барлық серияларarrow
cover12 мин
1-серия
cover8 мин
2-серия
cover8 мин
3-серия
cover8 мин
4-серия