Фильм Мұқағали – онлайн көру
Сипаттамасы
Фильмде аз ғұмырында баға жетпес туындылар қалдырған ақиық ақынның тағдыры мен күресі баяндалады. Көзі тірісінде поэзияға қосқан үлесі тиісті бағасын алмаған мұзбалақ ақын Мұқағалидың жан дүниесімен ішкі арпалысы ақыры дертке ұласады. Ол аздай сұм ажал көзінің қарашығындай аялаған қызынан айырады. Жазушылар Одағынан қуылып, жұмыссыз қалады. Ауыр сынақтар ақынның сағын сындырғанымен өмірінің соңына дейін бойындағы талантынан айыра алмады. Қиын-қыстау кезеңде Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері оған рух беріп, жаралы жанына медеу болды. Фильмде тек ақындық болмысы ғана емес, сондай-ақ, адам баласына тән көлеңкелі тұсымен күресі де көрініс тапқан. Өмірінің сырлы да белгісіз кезеңдері де халыққа жол тартты. «Мұқағали» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.