Фильм Омпа – онлайн көру
Сипаттамасы
Даур мен Талалай есімді бұрынғы әскери ұшқыштар Кеңес Одағы ыдырап, 90-жылдардың қилы кезеңі орнағанда жұмыссыз қалады. Деседе екі дос мойымайды. Екеуі бірігіп, жаңа іс бастауды ұйғарады. Олар ескі ұшақты тауып, оны өздері құрастырып, ауыл арасында әуе тасымалымен айналыса бастайды. Сөйтіп екеуі қазақ даласын шарлап, ел ішінде сапарға шығады. Олар түрлі тапсырыстарды орындайды: бірде ет жеткізеді, бірде ауыл әкімін тасиды, бірде қалыңдық пен күйеу жігітті апарады. Кейбірі жол ақысын ақша түрінде берсе, кейбірі картоп немесе ет түрінде береді. Екі ұшқыш дос бастарынан қызықты әрі күлкілі оқиғаларды кеше бастайды. Бірде жолаушының бірі ұшақта босана жаздайды. Даур мен Талалай үнемі қалжыңдасады. Тіпті араларында кикілжің де болып тұрады. Олар әр жолы сәттілік келгенде немесе бір қиындықтан аман шыққанда: «Омпа!»-деп қуанып айтып отырады. Бұл — олардың өмірлік ұраны. «Омпа» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.