Фильм Онда біреуден туып ал – онлайн көру
Сипаттамасы
Университеттің белді профессоры атанған Салтанат есімді 38 жасар келіншек мансабында табысқа жеткенімен, жеке өмірінде бақытсыз. Өзгелер сияқты асыл жар, аяулы ана атану бұйырмаған. Ал туған күнінде анасы айтқан тілек көңіліне қаяу түсіреді. Сол сәттен бастап Салтанат маңызды ой түйіп, жасанды ұрықтандыру арқылы бала сүюге шешім қабылдайды. Құрбысы екеуі дереу ұрық донорын іздей бастайды. Бірақ Айдос есімді ер адамды кездейсоқ жолықтырғанда өмірі мүлде басқа арнаға бұрылады. Айдостың әйелі қайтыс болған. Ер адамның ересек қызы бар. Бір қарағанда Айдос пен Салтанат екі кереғар әлемнің өкілдері сияқты көрініп, бір-біріне тең еместей әсер қалдырады. Алайда уақыт өте келе араларында сезім пайда болады. Салтанат қиын таңдауға тап болады: балалы болу жоспарын жалғастыру немесе сезіміне ерік беріп, жаңа өмір бастау. «Онда біреуден туып ал» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.