2020
1 сағ 41 мин
18+
Өнер сайысындағы қарсыласына ғашық болып қалған бикештің жан тебіренісі мен қызықты оқиғалары туралы австралиялық музыкалық драма аралас комедия...
Фильм Операға құмар – онлайн көру
Сипаттамасы
Милли есімді қаржыгер бикеш Лондонда уайым-қайғысыз шалқып өмір сүрсе де, жанын жегідей жеген бір нәрсе бар. Келіншектің асыл арманы - опера әншісі атану. Ол жұмысын тастап, Шотландияның шалғай ауылында мекендейтін кезінде атағы дүркіреген Меган Джеффри-Бишоп есімді опера әншісіне барады. Қарт әнші бикешті шәкірт етуге келіседі. Алайда бірнеше шарт қояды. Шат-шадыман думанды кештерді ұмыту керек және бойын ішімдіктен аулақ ұстаған жөн. Өйткені нағыз опера әншісінің шектеулері көп деген қағиданы ұстанады. «Үздік опера әншісі» атты сайыста жеңімпаз атану үшін бикеш барлығына дайын. Бірақ қарсыласына ғашық болып қаламын деп мүлде ойламаған еді. «Операға құмар» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жасыру