Фильм #осындамын – онлайн көру
Сипаттамасы
Стефан француз қалалырының бірінде отбасыға арналған мейрамхананы басқарады. Анасы қайтыс болып, ал өзі әйелінен ажырасқан соң Стефан өмірдің мәнін жоғалтып алғандай. Алайда әлемнің басқа бұрышында өмір сүретін Су есімді суретші әйел оның өміріне жаңа бояулар әкеледі. Стефан Судың картиналарына ғашық. Кореяда шие гүлдеген уақта Сеулге билет алып, суретшімен кездескісі келеді. Сеулге келген соң оны әуежайда ешкім күтіп алмайды. Соған қарамастан Стефан бейтаныс елде махаббатын іздеуді тоқтатпайды. Енді ол бүкіл Кореяға «француздық ғашық жігіт» деген атақ алады. Махаббатқа толы «#осындамын» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.