Фильм Ақын – онлайн көру
Сипаттамасы
Кеңсе тіршілігінің бірсарынды әлемінде тұншыққан Жолдас есімді ақын бұл өмірде оны ешкім түсінбейді деп қорқады. Күндердің бір күні ол бұрынғы армандарын, поэзияға деген махаббатын еске түсіріп, өзін қайта іздей бастайды. Шабыт пен ішкі дауыс, өнер мен өмірдің, жан мен жүйенің арасындағы күрес туралы фильмнің режиссері — Дәрежан Өмірбаев. Режиссер өзіне тән минимализм мен шынайылық арқылы шығармашылық пен тұрмыс, өнер мен бейқам қоғам арасындағы қайшылықтарды терең сараптайды. Бұл өмірден орнын іздеген ақынмен қоса, өнердің бүгінгі қоғамдағы рөлін сынайтын философиялық «Ақын» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.