Фильм Қасапшы қызы – онлайн көру
Сипаттамасы
Сән журналын басқаратын бикеш сауық кештеріне қатысып, мерекелердің гүлі болып үйренген. Шаттық пен қызыққа толы жарқын өмірі таңдай қақтырарлықтай. Алайда табысты келіншектің жасырар сыры бар. Ол шалғайдағы ауылда туып-өскеніне қымсынады және тірі жанға ол туралы тіс жармаған. Кенеттен әкесі қайтыс болып, мұраға ет дүкені қалады. Бұл кәсіптен хабары жоқ келіншек дүкеннен тезірек құтылудың амалына кіріседі. Осылайша ақ-жарқын әзілқой қасапшымен танысады. Алғашында көзіне де ілмеген жігітке ғашық болып қаламын деп мүлдем ойламаған еді. «Қасапшы қызы» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.