Қазымыр қайын ата_bg
logo
Бай кәсіпкер қызының сүйіктісін менсінбейді. Өйткені ол кедей полицей, әрі өзге ұлт өкілі. Күлкілі сәттерге толы шытырман оқиғалы комедия
playТегін көру
kinoТрейлер

Фильм Қазымыр қайын ата – онлайн көру

Сипаттамасы

Полиция бөлімінде Миша есімді жас жігіт қызмет етеді. Лауазымы жоғары болмаса да, армандары асқақ. Ол қауіпті қылмыскерлерді қолға түсіріп, ер жүрек қаһарманға айналғысы келеді. Бірақ әзірше мардымсыз тапсырмалармен айналысуға мәжбүр. Көңілді жігіттің жүрегін жаулаған ару бар. Миша қыздың ата-анасымен танысып, оған үйленуге ниетті. Бірақ бұл оңайға соқпайтыны анық. Себебі қыздың әкесі бай беделді кәсіпкер. Жігіт қыздың әкесі қарсы болатынына сенімді. Алайда тағдырдың өзі ойламаған жерден Миша мен болашақ қайын атасының жолын тоғыстырады. Болат есімді кәсіпкердің компаниясы құрылыс тендерін ұтып алады. Бірақ мафия өкілдеріне бұл ұнамайды. Енді олар кәсіпкердің ізіне түсіп, қарымтасын қайтармақ. Ер адам шалғай ауылға аттанып, із жасыруға мәжбүр болады. Ойламаған жерден қызының сүйіктісі екеуі сапарға бірге шығады. Жолда олар күлкілі әрі оқыс оқиғаларға тап болады. Тіпті бір-бірімен араздасып та, табысып та үлгереді. «Қазымыр қайын ата» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жанрлар
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 24 мин
Түпнұсқа атауы
Тесть-драйв
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады