Фильм Қазыналы қарттар – онлайн көру
Сипаттамасы
Жауапкершілік ұғымын білмей өскен бай бағланның ерке әрі қамсыз ұлы қарттар үйінің басшысы болып тағайындалады. Бір күні әкесінен қарттар үйін бұзып, ескі ғимараттан құтылу керек деген бұйрық алады. Жігіт мұнда көңілді, ақжарқын әрі жандары жаралы қарттар тұрады деп ойламаған еді. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған қарияларға тіпті бауыр басып қалғанын аңғармай қалады. Таразы басында ар мен перзент борышы тұр. Қайсысы басым түсер екен? «Қазыналы карттар» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.