Фильм Құнанбай – онлайн көру
Сипаттамасы
Фильм қазақ халқының көрнекті биі Құнанбай Өскенбайұлының әділдік пен бірлік жолындағы күресін суреттейді. Қатал да, турашыл мінезінің арқасында көреген басшы болады. Дін мен дәстүрді ұштастырып, медресе ашып, халықты рухани тәрбиелеуге тырысады. Алайда оның талапшылдығы мен қаталдығы өз туыстары мен ауыл ақсақалдары арасында түрлі қақтығыстар туғызады. Құнанбай өз елінің сынын да, қарсылығын да көтеруге мәжбүр болады. Оның өмірдегі ұстанымдары Абай есімді ұлының тұлға болып қалыптасуына да көп әсер етеді. Қазақ елінің дәстүрі мен руханиятын, Құнанбайдың жеке тұлға және ел басқарушы ретінде халық жадында қалған бейнесін көрсететін «Құнанбай» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.