Фильм Құштарлық – онлайн көру
Сипаттамасы
Жан Фирмин есімді түрме басшысы отбасын құрған жігіт. Құдай қосқан қосағы мен кішкентай қызы ер адамның көз қуанышы әрі мақтанышы. Жұмыста да едәуір табысқа жетіп, әжептәуір беделге ие. Бір күні Жан басқаратын Версаль түрмесіне Анна есімді қылмыскер бойжеткенді ауыстырады. Жасөспірім шағынан бастап темір торға тоғытылған ару түрме басшысын өзіне бірден баурап алады. Құштарлық жалыны ер адамды күн өткен сайын шарпып, сезім ырқынан шыға алмастай күйге әкеледі. Тіпті қолындағы барынан айырылуға шақ қалды. Жүрегін арбаған арудың көздегені не? Әлде ол да сезім отына жанған бейбақтың бірі ме? «Құштарлық» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.