Қызжылаған_bg
logo
Ауыл тұрғындары бірінен соң бірі белгісіз дертке шалдыға бастайды. Сатыбалды Нарымбетовтың Семей полигонының әсері жайлы драмасы
playТегін көру

Фильм Қызжылаған – онлайн көру

Сипаттамасы

Бір қарағанда фильмде екі түрлі оқиға өрбіп жатқандай. Бір жағынан «Дегелен» ауылының күнделікті тұрмыс тіршілігі, ал екінші жағынан әскерилердің атом бомбасын сынап жатқан әрекеті бейнеленген. Ауыл адамдары кешке биге барады, күнделікті жұмысын істейді. Бұл ауылда Ләйлә да тұрады, ол бес жасында жетім қалған. Қызды апасы Қатира асырап алған. Ләйлә есегіне мініп, ауылды аралайды. Сұлу әрі аңғал Ләйләға ауыл жігіттері көз тігіп, жаман ойларын іске асырғысы келеді. Таудың арғы жағында алып саңырауқұлақтарға ұқсас бұлттар көрінген күні қатты жел тұрып, адамдар мазасыздана бастайды. Қатар болып жатқан бұл екі оқиға түйіскен кезде, адам өмірі құрбан боларын әлі ешкім білмейді. Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» повесінің негізінде түсірілген «Қызжылаған» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жанрлар
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 54 мин
Түпнұсқа атауы
Қызжылаған
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады