Фильм Серілер сергелдеңі – онлайн көру
Сипаттамасы
Арно мен Винсент – жұмысынан шаршап, іші пысқан екі жақын дос. Достарының бойдақ өмірмен қош айтысу кешінде олар Будапештегі сауық кештерді сағынған стриптиз бишісімен танысады. Стриптизер Еуропадағы ең көңілді сауық кештер Будапеште өтетінін, оны көрген арманда, көрмеген де арманда екенін айтады. Бұл әңгімеден шабыттанған Арно мен Винсент сауық кештерін өткізу агенттігін ашады. Бұл салада ешқандай тәжірибесі болмаса да, бар ақшасын салады. Жұмысын бастамас бұрын алдымен бәрін өз көзімен көру үшін ойын-сауық астанасы Будапештке аттанады. Жігіттердің бұл шытырман оқиғасы қалай аяқталады? «Серілер сергелдеңі» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.