2017
1 сағ 30 мин
18+
Бағалы жәдігерді жеткізуге тапсырма алған арнайы агент мафияның торына түседі. Бас рөлді Орландо Блум сомдаған шытырман комедия
Фильм Шанхайлық шабарман – онлайн көру
Сипаттамасы
Бұрынғы арнайы жасақ мүшесі, қауіпті тапсырмаларды оп-оңай орындайтын Дэнни Стрэттон бағалы жәдігерлерді жеткізумен айналысады. Сондай тапсырмаларды орындау барысында Дэнни Ван Гогтың картинасынан айырылып қалып, жұмыстан шеттетіледі. Енді компанияның абыройын қайтару үшін Шанхайдағы беделді клиенттің аса құнды антикварлық құмырасын жеткізуге келіседі. Бастапқыда қарапайым тапсырма болып көрінгенімен, жолда ол белгісіз қылмыстық топтың тұзағына түседі. Құмыра ұрланады, ал Дэнни қылмыскерді қайтсе де табуы керек. Шанхайдың тар көшелерінде басталған шайқас үлкен халықаралық қылмыстық схеманың бетпердесін ашады. Супер шабарман рөлін Орландо Блум сомдаған «Шанхайлық шабарман» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Елдер
Жанрлар
Жасыру